Бішкектегі мектептердің бірінде 69 жастағы мұғалім мен жоғары сынып оқушысы арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Бұл туралы 19 ақпанда Первомай аудандық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 16 ақпан күні шамамен сағат 11:30 шамасында болған. Полицияға түскен хабарламадан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, жанжалға қатысқан адамдардың жеке басын анықтады. Олар – 1957 жылы туған К.Б. және 2010 жылы туған М.К. екені белгілі болған.
Ақпаратқа сәйкес, мұғалім оқушының әрекетіне байланысты арыз жазған. Ал оқушы да медициналық мекемеге барып тексеруден өткен.
Қазіргі уақытта аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалған.