Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенова ісі қаралады, деп хабарлайды kznews.kz.
Оларға заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру фактілері бойынша айып тағылған.
Соттың хабарлауынша, қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау сағат 15:00–ге белгіленген. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі де растады.
— Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі Астана қаласының Экономикалық тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, іс мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолдады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Блогер Жанабыловтарға қатысты қылмыстық іс қозғалған еді.
Сондай-ақ агенттік Жанабыловтарда қылмыстық істен құтылатын бір мүмкіндік болғаны туралы айтқан еді.
Еске сала кетсек, желіде бірнеше автокөлік ұтысын жариялаған қазақстандық блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова әрекетін Туризм және спорт министрлігі назарына алды. Соңында іс сотқа жеткен еді.
Сонымен қатар министр желіде автокөліктерді ұтысқа тіккен блогерлерге қатысты түсінік берген еді.