Альмира Тұрсын Түркі құрылтайында елді таң қалдырды (Фото)

0

ТҮРКИЯДА “ТҮРКІ КЕҢЕСІ МЕДИА ФОРУМЫ” БАСТАЛДЫ

Бүгін Стамбұлда Ең алғаш Қазақ елінен бастау алған Төрік дүниесі мемлекеттерінің, өлкелерінің басын қосқан “Түрік кеңесі Медиа форумы” халықаралық конференциясы басталды.

Осы жолғы конференцияның ұрансөзі де айрықша:

ТЕРЕҢГЕ ТАМЫР ЖАЙҒАН ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚУАТТЫ КЕЛЕШЕК!

Қазақ топырағынан журналистер, ҚазҰУ мен ЕҰУ-дан ұстаздар, ғалымдар, шығармашылық адамдары мен саясаткерлер келді. Құрметті қонақтар қатарында ұстаздарым: Айгүл Рамазан мен Оңайгүл Тұржан, Кемелбек Ойшыбайевты ерекше атап өткім келеді.

Негізінен алғанда, конференциядағы нысаналы тақырыптарды былайша жіктеуге болады:
— Түрік дүние мемлекеттерінің ақпараттық-коммуникациялық тегеурінділігін нығайту;
— Мәдени-өнериет бағытындағы тығыз қарым-қатынас ауанын қалыптастыру;
— Жаһандық белең алған жалған ақпарат пен информациялық фашизмнен Төрік ақпарат кеңістігін қорғау;
— “Қарабақ” оқиғасынан кейінгі шығармашылық-рухани серпіліс;
— Түрік дүниесінің келешегіне қатысты бетбұрыстар т.б.

Менің 2 жыл бұрын ұсынған зерттеу жұмысыммен үндес болғандықтан, барлық секциялардан хабар бөлісіп отырамын.

Қазір Туысқан ұлттар арасындағы заманалы кино өнерінің ау-жайы талқыланып жатыр. Секцияда “Томирис” фильмі насихатталып, талданады.

Алқасөзге Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын арнайы шақырылған. Альмира Тұрсынның үстіндегі қазақы ұлттық киім көздің жауын алады.

Бүгінгі күннің басты жаңалығына қазақ қызының шәйі көйлегі мен әлеміш өрнекті бешпеті айналды.

Дастан Қастай