Қазақстанда жаңа Конституция бойынша өткен республикалық референдумның экзитпол нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz. Сауалнама қорытындылары республикалық телеарналардың тікелей эфирінде хабарланды.
«Еуразиялық интеграция институты» жүргізген экзитпол мәліметінше, азаматтардың 86,7 пайызы жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап дауыс берген. Олардың дерегіне сәйкес, референдумға 75,3 пайыз сайлаушы қатысқан.
Ал Астана қаласындағы «Социс-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының сауалнамасы бойынша, дауыс беруге қатысқан азаматтардың 87,4 пайызы жаңа Конституцияны қолдаған. Бұл зерттеу деректерінде учаскелердегі қатысу деңгейі 73,8 пайыз болғаны көрсетілген.
Сауалнама нәтижелерінің статистикалық қателік мөлшері ±1,5 пайызды құрайды.
Қоғамдық саяси институты берген экзитпол мәліметтерінде Конститутцияны қолдағандар 88,6 пайызды құраған. Ал дауыс беруге халықтың 72,1 пайызы келген.