Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда референдум аяқталды: дауыс беруге 9,1 млн-нан астам азамат қатысты

Қазақстанда референдум аяқталды: дауыс беруге 9,1 млн-нан астам азамат қатысты
Фото: Коллаж CMN.KZ

Қазақстан Республикасының барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта учаскелік комиссиялар бюллетеньдерді санау жұмысына кірісті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, референдум учаскелерінде дауыстарды санау процесі басталған сәттен бастап 12 сағаттан аспауы тиіс.

Аумақтық комиссиялар дауыс беру мен дауыстарды есептеудің алдын ала нәтижелерін электрондық байланыс арналары арқылы Орталық референдум комиссиясына жолдайды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың келуі мынадай болды:

  • Абай облысы – 75,45%
  • Ақмола облысы – 79,82%
  • Ақтөбе облысы – 87,05%
  • Алматы облысы – 71,46%
  • Атырау облысы – 74,04%
  • Батыс Қазақстан облысы – 68,94%
  • Жамбыл облысы – 85,06%
  • Жетісу облысы – 78,49%
  • Қарағанды облысы – 84,30%
  • Қостанай облысы – 81,21%
  • Қызылорда облысы – 93,04%
  • Маңғыстау облысы – 77,89%
  • Павлодар облысы – 75,51%
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 70,52%
  • Түркістан облысы – 84,03%
  • Ұлытау облысы – 73,15%
  • Шығыс Қазақстан облысы – 86,42%
  • Астана қаласы – 60,36%
  • Алматы қаласы – 33,43%
  • Шымкент қаласы – 75,82%

Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 9 126 850 азамат бюллетень алған. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 пайызын құрайды.

Референдумның алдын ала қорытындылары кейінірек арнайы хабарланатыны айтылды. Оның нақты уақыты қосымша жарияланады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.