Әкім кеңесшісі күйеуіне 24 млн теңгенің тендерін алып берді ме?

0
2369

Бұл туралы Әулиеаталық белсенді Ақерке Рахымбердиева өзінің facebook әлеуметтік желісінде жазды.

«Қала әкімінің кеңесшісі, Зарина Қуатова, өзінің жеке интернет каналы Тараз Жиырма Төрт-ке, биыл 24 миллионның тендерін алыпты.
Былтыр, Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, әйелінің атынан тендер алып, жұмыстан кеткен еді.

Атпақшы, бұл интернет канал, қызметкерлеріне айлықты қолма-қол төлеп, салық төлемей жүргенін кешірек жазайық.

Ержан Жылқыбаев, бұл туралы кеңесшіге, қандай кеңес береді екен?», — деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 14 ақпан күні Зарина Қуатов «TARAZ 24» телеарнасын ашып, тұсаукесер ұйымдастырған болатын. Ал 2021 жылдың 26 мамыр күні ол жаңадан тағайындалған Тараз қаласы әкімі Ержан Жылқыбаевтың кеңесшісі болды.

Жамбыл Момынжынжановтың атына жазылған «TARAZ 24» ЖШС Тараз қаласындағы Самал ықшам ауданындағы 49 үй, 26 пәтерде тіркелген. Белсендінің айтуынша, аталған мекенжай Зарина Қуатованың үйі болуы мүмкін.

Сондай-ақ келесі бір азамат Жамбыл Момынжынжановтың Зарина Қуатованың күйеуі екенін айтады. Бір сөзбен айтқанда Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі күйеуінің ЖШС 24 млн теңгенің тендерін алып беруге ықпал еткен тәрізді. Бұл істің заңдылығын құзырлы орган тесеріп, ақ қарасын айырады деп сенеміз.