Жағдайы ауыр: Солтүстік Кипрде қазақ қызына қастандық жасалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда әлеуметтік тұрғын үйге арналған 17 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

Алматыда әлеуметтік тұрғын үйге арналған 17 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта Алматы қаласының Құрылыс басқармасы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 6 353 пәтерді сатып алуды жоспарлаған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бүгінгі таңда 2 717 пәтер уәкілетті органның теңгеріміне берілді. Тағы 640 пәтерді қабылдап алу жұмыстары жүргізілуде, олар бойынша қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылған. Жыл соңына дейін барлық пәтерді уәкілетті органның теңгеріміне толық беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында әлеуметтік кредиттік тұрғын үй құрылысы жалғасуда.

Қазіргі уақытта 2 246 пәтерге арналған 29 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Бүгінде 1 366 пәтерді қамтитын 17 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталды. 
Оның ішінде:
•    7 тұрғын үй «Қалқаман-2» шағын ауданында;
•    10 тұрғын үй «Жас-Қанат» шағын ауданында орналасқан.

Қазіргі уақытта пайдалануға дайын тұрғын үйлер бойынша техникалық паспорттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Ал «Жас-Қанат» шағын ауданындағы 880 пәтерге арналған қалған 12 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын 2027 жылдың II тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.