Айнұр Тұрсынбаева Түркияда жаңа туған нәрестенің 11 күн үйінді астында қалай жыламағанын түсіндірді

0

Бұл ретте ақын ғалымдардың сәби 2 сағат сайын қоректенбесе, аштан өлетініне сенбейтінін кесіп айтты, деп хабарлайды kznews сайты.

Айтыс ақыны бұл ойымен өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Қайда әлгі ғалымдардың бала 2 сағат сайын қоректенбесе аштан өледі дегені?! Мүлде су ішпесе 3 күннен соң шөлдеп өледі дегендері ше?! 11 күн бойы қалай жыламаған мына періште? Жыласа ішегі үзіліп кететін уақыт болды ғой…Туғанына 10 ақ күн болған нәресте суық жерде сусыз, сүтсіз қалай сап-сау 7 күн жатқан?! Кім оларға күш берген?! Қалың тон киіп алсақ та жылына алмай жатырмыз дейді құтқарушылар, мына балаларды кім жылытқан? Қараңғы жерде, қара тастың астында бәлен күн аман жатқан балалар Алланың құдіретін көрсетпей ме?! Түркиядағы жер сілкінісі туралы бүкіл дүние жүзі айтып жатыр… Қандай ғажайыптарды естіп жатырмыз… Клиникалвқ өліммен бір өліп бір тірілген еркекке өлім періштесі келіп, қойған сұрақтарын естідңіздер ме? «Менің 2 баламды құтқарыңыздаршы, дәл мына жерде жатыр» деп құтқарушыларды шақырып алып, артынан жок болып кеткен әйел ше?! Балалар құтқарылды, бірақ білетіндер олардың шешесі 4 жыл бұрын қайтыс боп кеткенін айтып жатыр… Бұл не ғажап…», — деді ол.

Жазба соңында ақын Алла елімізді жамандықтан сақтасын деп, дұға тілейтінін айтты.