Тоқаев: Ресей Украинадағы қақтығысты тоқтатып, уақытша бітімге келуі қажет
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Үйлену тойынан кейін жас жұбайлар жұмбақ жағдайда көз жұмды

Үйлену тойынан кейін жас жұбайлар жұмбақ жағдайда көз жұмды
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Ташкент облысында ерлі-зайыпты үйлену тойынан кейінгі күні қайтыс болды. Қайғылы жағдай Пскент ауданында болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, жас жұбайлар газдан улануы мүмкін. Алайда бұл нұсқа әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Пскент ауданындағы «Бирлик» махалласында бірге тұрған 1995 жылы туған ер адам мен 1997 жылы туған әйелдің көз жұмғанын хабарлады.

Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалған. Алдын ала қорытындыда ерлі-зайыптының белгісіз заттан уланғаны көрсетілген.

Қазіргі уақытта Пскент аудандық прокуратурасы тергеуге дейінгі тексеру жүргізіп, олардың өліміне нақты не себеп болғанын анықтап жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер