Ана туралы тақпақтар, 8 наурыз, аналар мерекесі, ана туралы өлеңдер

0

 

Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы,
Бала өсіріп, тәрбиелеп барлаушы.
Мейрамыңыз құтты болсын, бақ берсін,
Отбасының жайын ойлап қамдаушы.

Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы,
Арманымен әлем шарлап самғаушы.
Қанаттарың ешқашанда талмасын,
Көркемдіктің көрмесіндей таңдаушы.

Талмайсың бір күйбің тірлік өмірде,
Бала әкеліп, бақыт сыйлап өмірге.
Мерекеге лайық жандар, әйелдер,
Ұрпақ жалғап жасай бергін, жеңілме.

Теріп өмір жақұтын,
Алумен өмір тақұтын.
Құтты болсын мейрамың,
Сыйласын тағдыр бақытын.

Ұшан – теңіз тілектер көп тіл жетпес,
Адал ниет жүректер көп кірлетпес.
Соның бәрін саған тілеймін мейрамда,
Болсын бастан өмір бойы күн кетпес.

Аналардың мейрамы күліп бақыт,
Келеді шуақ алып таңдар атып.
Гүлдей әсем жүздерің қартаймасын,
Таққаның болсын әркез алтын – жақұт.

Жетіңіз мерекеден мерекеге,
Бақытын молдан берсін өмір бөле.
Көктем қандай сұлу болса дәл сондай боп,
Гүлдей болып жайнаумен жетші 100 — ге.

Сүйіктім, құтты болсын мейрам күнің,
Ешқашан үзілмесін думанды үнің.
Құшақ – құшақ гүл сыйлайын, гүлдей жайна,
Шаттанып қуанатын күнің бүгін!
Мейрамыңда бақыт тілеп барамын,
Күн – кеудеге үміт отын жағамын.
Гүлдей әсем өмірің еш солмасын,
Ашық аспан, таудай болсын талабың.

Раушан гүлін сыйлаймын,
Мейрамыңмен құттықтап.
Өзгеге сені қимаймын,
Сенімен жаным жыр ұқпақ.
Жаныңда сенің тең келмес,
Әсемдігі гүлдің де.
Мейрамыңда тілеймін,
Шаттықпен күліп жүр күнде.

Естелік етем сыйымды,
Жаттатып жүрек жырымды.
Мейрамыңмен, сүйіктім,
Бөліскен менің сырымды.

Көктем қандай керемет еді көрікті,
Әсемдікті Алла саған бөліпті.
8 – наурыз күні құтты болсын,
Тапшы мәңгі сүйеу болар серікті.

Өмірде әсем тілек көп,
Жылуды жиған жүрек көп.
Құтты болсын мейрамын,
Жақынға жүрші тірек боп.

Аппақ бұлттай жүзіңнен айналайын,
Серік болсын оңыңнан туған айың.
Жылдарың жеңіс сыйлап келер күнге,
Келешекте құшақ ашсын күнің дәйім.

Белестерден белге от,
Өзендерден көлге өт.
Қызыққа толсын өмірің,
Бақыты қонған жерге жет!
Достарың мың сан болсын!
Өмірің гүл – сән болсын!
Мерекеде мерейлі,
Салғаның шатты ән болсын!

Аналардан шын мейірім көресің,
Талмай ескен өмір алып кемесін.
«Айналайын», «Ботам» деген сөзімен,
Қиындықтың талай шыңын жеңесің.
Жанға сенсең тек Анаға сенесің,
Анаменен сөгер бақыт көбесін.
Ауырмасын асыл, алтын Аналар,
Жаратқаным Аналарды демесін.
Ақ жаулықты Аналар қартаймасын,
Бақыттың нұры шалқып ортаймасын.
Тілегі баласына қабыл болып,
Әр күні қуаныштан той тойласын!