Стамбул қаласында Израиль консулдығына қарулы шабуыл жасалды. Оқиға Бешикташ ауданында болған, деп хабарлайды kznews.kz.
Түрік БАҚ мәліметінше, шабуылдан кейін күдіктілердің көзі жойылған. Сонымен қатар, оқиға барысында екі полиция қызметкері жарақат алған.
Оқиға орнына көптеген полиция жасағы жіберіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазіргі уақытта мән-жайы анықталып жатыр.