Мектепте жұлысқан мұғалімдер жұрттың жағасын ұстатты (видео)
Әлеуметтік желіде мұғалімдерге қатысты тағы бір шулы бейнежазба жарияланды деп хабарлайды Kaznews.kz ақпараттық порталы. Естеріңізде болса Түркістан облысына қарасты Бадам ауылының мұғалімінің боғауыз сөздермен жұртқа танымал болғаны бар еді. Бұл жолғы оқиға да сол жерде жалғасын тапқан сыңайлы.
«Сардар Әбдіжақия жариялаған мектептегі разборка шын мәнінде қалай болды??? Ұлжанның айтуынша: мені жерге жығып, шашымды жұлып, ұрып-соғып, деген сөздері мүлдем шындыққа жанаспайды. Өтірік ұрды қылып, экспертизалық сараптаманы жасатып алған Ұ.Елмұратова зәбір көрдім деп, Маржан Қаназароваға арызданған. Жарайсың, Ұлжан, өтірік айтудың қас шебері екенсің. Бүкіл мектептегі қызметкерлер сенің өтірік талып, милиция қызметкерлерін шақырғаныңды көрді.
Маржан Қаназарованы: «қарғыс атсын сені, бақытсыз әйел, үш балаңның көріне отырасың» деп балағаттаған» деп жазды Facebook желісінде Төребек Сейдуалиев.
Бейнежазбадағы мектеп ішіндегі мұғалімдердің өзара ерегісі, жұлысуы мен араларында болған боғауыз сөздер еріксіз бас шайқатады. Мәселеге байланысты тиісті орындар лайықты шешім қабылдайды деп сенеміз. Видеоны сілтемеге өтіп көруге болады.
Асыл БАЛАБИ, Kaznews.kz ақпараттық порталы.
https://www.facebook.com/100071954846448/videos/pcb.118233907251770/376760870777314
file:///C:/Users/%D0%A2%D1%83%D1%80%D1%81%D1%8B%D0%BD/Desktop/(1)%20Facebook.html