Inter Miami CF клубының шабуылшысы Лионель Месси Ақ үйдегі салтанатты қабылдау кезінде Дональд Трампқа команда ойыншылары қол қойған футбол добын сыйға тартты, деп хабарлайды kznews.kz.
Кездесу барысында Трамп атақты футболшыны Ақ үйде қарсы алған алғашқы АҚШ президенті екенін айтып, бұл оқиғаға мақтанатынын жеткізді. Ол сондай-ақ ұлының Мессидің жанкүйері екенін атап өтті.
«Лионель Мессиді Ақ үйде қарсы алған алғашқы АҚШ президенті болғанымды мақтан тұтамын! Лионель, менің ұлым — сенің жанкүйерің. Ол сені шын мәнінде өте ұлы адам деп санайды. Келгеніңе рақмет!» – деді Трамп.
Президенттің айтуынша, Мессиге әрдайым жоғары талап қойылады, себебі жанкүйерлер одан үнемі жеңіс күтеді. Соған қарамастан, футболшы тағы да өзін чемпион ретінде дәлелдеп, АҚШ-та титул жеңіп алған.
Сонымен қатар Трамп футбол аңыздары туралы пікір білдіріп, Пелемен салыстырғанда Мессиді мықтырақ деп санайтынын айтты.