Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Интернет туралы ойларым Ә Табылды Аман мен телефон (3 сынып, I тоқсан) » ZHARAR

0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Интернет туралы ойларым Ә Табылды Аман мен телефон (3 сынып, I тоқсан) казакша Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Интернет туралы ойларым Ә Табылды Аман мен телефон (3 сынып, I тоқсан) на казахском языке

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Интернет туралы ойларым Ә.Табылды Аман мен телефон
Оқу мақсаттары: 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
3.1.2.1* шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық, таңдауына қарай мазмұндау, сахналау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: әңгіменің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді, құрсатырған жоспар бойынша әңгіменің мазмұныны айта алады;
Көптеген оқушылар: кейіпкердің іс – әрекетінінің өзгеру себебін анықтап, бағалай алады; шығарманы логикалық бөліктерге бөледі, өз сөзімен мазмұндайды;
Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс – әрекетін бағалап, өмірмен байланысытырады, шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрастырады, таңдауына қарай мазмұыны айтады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Телефонның түстерін таңдау арқылы топтарға бөлінеді
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
«Интервью» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.
1. Телефонмен қанша уақыт сөйлесесіз? Телефонсыз өмір сүруге бола ма? Телефонның пайдасы бар ма? Телефонның қандай зияны бар? Ойыңызды дәлелдеңіз.
Әр сұрақ бойынша оқушылар топта талқылап, сыныпқа жауап береді. Барлық оқушыларға өз ойларын айтуға, оқушылардың жауабын толықтыруға мүмкіндік жасалуы керек.
Саралау: Қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.
ҚБ Оқушылар бірін – бірі қол шапалақтау арқылы бағалайды.
2- тапсырма
Әдібай Табылды «Аман мен телефон».
(Ө;Ж) Мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Түсініксіз сөздерді белгілеп оқитындарын оқушыларға алдын ала ескертіңіз. Сөздікпен жұмыс жүргізіледі.
Саралау: Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау
3- тапсырма «Сұраққа жетіп ал» әдісі
Әңгіменің мазмұнына байланысты сұрақтар қойып және сұрақтарға жауап беруге тапсырма беріледі. Оқушылар берілген тапсырманы орындау үшін алдымен әңгімеге қайта шолу жасап, топта ақылдасады. Оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қояды.1-ші доп – сұрақ қояды, 2-ші доп сол сұраққа жауап береді
-Аман ата-анасын тыңдамауының себебі неде?
-Аманның телефонға әуесқойлығын қалай қойдыруға болады?
-Ол өз қателігін түсіне ме?
-Әдепсіз, намыссыз бала өзін бақытсыздыққа әкеледі дегенді қалай түсінесің?
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.
ҚБ «От шашу» арқылы бағалау
Топтар бір-бірін от шашу арқылы бағалайды
«Бұзылған телефон» ойыны(Сергіту сәті )
Шаттық шеңберге тұрып бастаушы келесі адам құлағына бір сөз сыбырлайды соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз жету керек, кейін сөзді ауыстырып жіберген адам анықталады.
4-тапсырма (дәптермен жұмыс)
(Т) «Пирамидалық талқылау» әдісі бойынша мәтінді бөліктерге бөлу. Оқушылардан мәтінді неше бөлікке бөлуге болатыны сұралады. Мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, ат қою, жоспар құрастыру. Әр топ өз жоспарымен таныстырады. Жоспар бойынша әңгіменің мазмұнын айтады.
Жоспар үлгісі:
1. Сабақтан келген Асан.
2. Үй тапсырмасын орындаған Досан.
3. Реніш.
4. Алған баға.
5. Алар үлгі.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді.
ҚБ «Смайликтер» әдісі арқылы бағалау.
5-тапсырма (дәптермен жұмыс)
(Ө;Ж) Мәтінен қандай қорытынды шығардың? Аманға қандай кеңес бересің? Кеңесіңді жаз.
Тапсырма жеке орындалады. Жұппен талқыланады. Оқушылар берілген тапсырманы орындау үшін алдымен әңгіменің мазмұнын, кейіпкерлерді еске түсіреді.
Саралау: Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұптар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
ҚБ ««Екі жұлдыз,бір тілек»» әдісі арқылы бағалау….


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com