«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

16 млрд теңгенің сабағы: Білімді емес, қағазды жаңартып жүрміз бе?

16 млрд теңгенің сабағы: Білімді емес, қағазды жаңартып жүрміз бе?
Фото: ЖИ

Білім жолына деп шашылған ақша мен құйылған қаржының артықтығы жоқ. Жастар үшін, олардың болашағы үшін қолда барды беріп, жоқты іздеп, түгендеп беруге бар бұл мемлекет. Бірақ кейде болмайтын мәселеге су боп кеткен, жел боп ұшқан есіл ақшаны көргенде “қап, әттеген-ай, деп” сан соғып қаласың. 

Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы есебі көрсеткендей, соңғы бес жылда мектеп оқулықтарын қайта басып шығару мемлекет бюджетінен 16 миллиард теңгеден (шамамен 32 млн АҚШ доллары) астам қаржыны тындырған. Дәлірек, қаржының негізгі бөлігі білім беру реформасы аясында оқу бағдарламасына сәйкес өзгертілген, қайтадан өңделген оқулықтарға кеткен, деп хабарлайды kznews.kz.

Аудиторлар атап өткендей, оқулықтарды бағалау стандарттары шамамен 12 рет өзгертілген, әр өзгерістен кейін бұрын дайындалған оқулықтарды қайта қарау қажет болған, кейде жаңа бағдарламалар енгізілу алдында алғашқы сараптама дұрыс жүргізілмеген. Зер салып, назар аударсақ, бұл жай ғана “қайта басып шығару” деген тіркеспен шектелмейді. Оның ішінде бюджетті тиімді жоспарламау, стратегияның жоқтығы және сараптамалық бақылаудың әлсіздігі салдарынан олақтан шолақ жасаған, үлкен шығынға әкелген әрекеттер бар.

Мәселен, Министрлік 2023 жылы 3,5,7,8,9,10,11-сыныптар бойынша оқулықтарды жаңартқанын жариялады.  Сондай-ақ ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға арналған материалдар да бар.Бір қызығы, жаңа оқу жылына арналған оқулық жобалары 2025 жылы қоғамдық талқылауға шығарылды. Ең өкініштісі, кей өзгерістер алдын ала сараптамадан дұрыс өтпеген болып шықты. Нәтижесінде оқулықтар мың мәрте өзгертіліп отыр. Одан қалса сараптама процесіне қоғамдық мониторинг енгізілмеген, сондықтан бақылау төмен. Ақша аспаннан жауып жатқан жоқ, неге бәріне тым жеңіл қараймыз? 7 рет өлшеп, 1 рет шорт кесетін жұмысты жылдам әрі сапасыз орындағанымызға мәзбіз. 

Қазақстандағы оқулықтарды жиі жаңарту және бюджет шығындары тақырыбында Экономист Сара Жұмабекова:

“Білім саласына бөлінетін бюджеттің тиімділігі тек сомада емес, оны пайдалану жүйелілігінде. Оқулықтарды жиі қайта басу — қаржының тиімсіз жұмсалуына мысал. Мұндай жағдайлар мектептердің әдістемелік құралдарын жаңарту мен педагогтарды дайындауды кешіктіреді, сонымен қатар әлеуметтік сенімге теріс әсер етеді”, - деп пікір білдірді.

Шығын көбейіп, нәтиже азайған сайын білім сапасы да төмендей түсетіні айтпасақ та белгілі. Соңғы уақытта орта білім берудегі қаржы айтарлықтай өскен. Ал оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алуға бөлінген қаржы жыл сайын көп — мысалы, 2026 жобасында оқулықтарға 3,8-3,85 млрд теңге жоспарланған. 

Ең сорақысы, аудиторлар жоспарланған қаржының тиімсіз пайдаланып, бұл жерде де әккі ұрылардың ақымақтығын, шенділердің жемқорлығын анықтаған.1,1 миллиард теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар тіркелгені анықталды. 

Ең қызығы, 16 млрд теңге сынды соманың қайда жұмсалғаны туралы ашық есеп жоқ. Бал ашып, болжам жасауға тағы болмайды. Сосын да оқулықтардың сапасы қоғам тарапынан күмән тудырады, аудит жүргізудің тиімділігі төмендейді, білім жүйесіне деген сенім азаяды.

Мұғалімдерді түртпектеп, артық жауапкершілікті жүктегеніміз аздай, мынаның барлығы да оларға оң әсерін тигізбесі анық. Қайта-қайта өңделетін оқулықтардан педагогтер де шаршаған. Білім жүйесіне деген сенім мәселесі қоғамда жиі талқыға түсуі де тегін емес.

Бұл турады Педагогикалық қауымдастық өкілі Бақытгүл Әлімжанова:

“Жаңартулардың жиілігі мұғалімдердің әдістемелік дайындығын төмендетеді. Бірнеше рет өзгерген бағдарламалар мен оқулықтар оларды үнемі жаңа материалға бейімделуге мәжбүрлейді, бұл сапалы білім беруге кедергі келтіреді”, - дейді.

Оқулықтарды жаңарту — білім сапасын арттыру мақсатында жүргізілетін реформа құбылысы.
Бірақ жүйесіз, ретсіз өзгерістер бюджетке үлкен шығын әкелетінін қашан түсінер екенбіз? Ақша артылып жатыр екен де оңды-солды шашып, астамшылдыққа жол берсек, жаңылып та, сүрініп те, түбі құлап та тынамыз. Өзім деп емес, өскелең ұрпақ деп жанұшыра жанталасып, бар жағдайды жасайтын күн болар ма екен?

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.