KZNews.kz
Мәдениет

Жүрсін Ерман Қазақстанның халық жазушысы атағын алды

Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Алматы қаласында ақын, журналист әрі қазіргі айтыс өнерінің дамуына зор үлес қосқан ұйымдастырушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойы аталып өтуде, деп хабарлайды kznews.kz.

Айтулы мереке қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мерейтой иесіне «Қазақстанның Халық жазушысы» құрметті атағы берілді. Қуанышты жаңалықты Қазақстан Жазушылар одағы мәлім етті.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →