Қызметкерлерге баспана, қауіпсіз еңбек және лайықты жалақы: «Әділет» партиясы әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес құруға шақырады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жүрсін Ерман жеке өмірі туралы ел естімеген жайтты айтты

Жүрсін Ерман жеке өмірі туралы ел естімеген жайтты айтты
Жүрсін Ерман. Фото: instagram.com/zhursin_yerman

Айтыс өнерінің жанашыры, ақын Жүрсін Ерман денсаулығына байланысты бастан өткерген қиын кезеңін айтып, сол уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан қолдау көргенін жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы ақын "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында әңгімелеген.

Жүрсін Ерманның айтуынша, қант диабеті денсаулығына қатты әсер етіп, жағдайы күрт нашарлаған. Алматыдағы медициналық мекемелердің бірінде ем қабылдаған кезде дәрігерлер аяғын кесу қажеттігін айтқан.

"Мені құртқан – қант. Оның қайдан келгенін кім біледі?! Қатты ауырдым. Алматыдағы беделді ауруханада емделдім. Мені қарап жүрген дәрігер аяқты кесу керектігін айтты. "Бұлай жасамасақ болмайды, өліп қаласың" деді. Адамның аяғын кесу оңай ма?! Қоймай шетелге барып келемін деп шештім. Швейцарияға кетіп қалдым. Ол жақта құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Олар мені қарап, аяқты кесудің қажеті жоқ екенін айтты.

Швейцарияға бару оңай болған жоқ. Президентім Қасым-Жомарт Тоқаев барып емделіп кел деп, көп ақша берді. Оны былай өзі айтпайды. Бірақ мен ішімнен біліп тұрмын, риза болып тұрмын. Солай аяғымды кестірмей, қайтып келдім. Бір күні аураханадан екі-үш күні қалды деп шығаратын болды. Қыздарым қарап, шөптермен емдеп, аман алып қалды. Халықтың да қолдауы дем береді", - деп жан сырын ақтарды ақын.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер