ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Жүз жылдық жалғыздық" романы желісімен сериал түсірмек

"Жүз жылдық жалғыздық" романы желісімен сериал түсірмек

Америкалық Netflix сервисі жазушы Габриэль Гарсиа Маркестің "Жүз жылғы жалғыздық" романы желісімен сериал түсіреді. Бұл туралы Netflix-тің Twitter-дегі парақшасында хабарланды.1967 жылы жазылған роман алғаш рет экранға шықпақшы. 2014 жылы қайтыс болған Маркестің отбасы бұған дейін "Жүз жылдық жалғыздық" шығармасы бойынша кино түсіру құқығын сатудан бас тартып келген.

Колумбияда испан тілінде түсірілетін сериалдың продюсерлері - Маркестің Родриго және Гонсало есімді ұлдары.

- Әкеміз фильм жанры шығарманы баяндауға тым қысқа болады деп, "Жүз жылдық жалғыздықты" экранға шығаруға келіспеді. Ол фильмді тек испан тілінде түсірген жөн деп санады, - дейді жазушының ұлы Родриго Variety сайтына берген сұқбатында.

- Қазір сериалдардың "алтын дәуірі" туды. Сондықтан, романды түсіруге бұдан қолайлы уақыт болмайды, - дейді продюсер.

1967 жылы шыққан "Жүз жылдық жалғыздық" романы үшін Габриэль Гарсиа Маркес Нобель сыйлығын иеленген. Әлемдік ең танымал әдеби шығармалардың біріне айналған роман қазірге дейін 50 миллионнан артық тиражбен тарап, 46 тілге аударылған деп жазады New York Times басылымы.


Азаттық
Автор
Мадияр