Тоқаев екі елге жаңа елші тағайындады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жұмыссыз қалғаныма 123 күн болды: Самат Нұртаза қызметтен кеткен соң айналасының қалай өзгергенін айтты

Жұмыссыз қалғаныма 123 күн болды: Самат Нұртаза қызметтен кеткен соң айналасының қалай өзгергенін айтты
Мәжіліс

Самат Нұртазаның айтуынша, қызметте жүрген кезінде телефоны тынымсыз шырылдап, қуаты тез таусылатын. Ал қазір смартфонының қуаты екі күнге жетеді. Бұрын жиі хабарласып, араласатын адамдардың көбі байланысын үзген.

Бұрынғы депутат Самат Нұртаза жұмыссыз жүрген 123 күн ішінде әріптестері мен шенеуніктердің өзіне деген қарым-қатынасы күрт өзгергенін айтты. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды. Бұрын батарейкасы тез отыратын смартфоным, қазір ләм-мим тыныш, 2 күнге қуаттылығы жетіп жатыр. Һәм адами кейіп сақтап қалған 7-8 адамнан басқа ешкім хабарласпайды. Өзім звандасам, трубканы көтеретін әріптестер мен шенеуніктер телефон көтермейтін болды. Қызық бір жағынан. Солай болатынын да білгем», – деп жазды Самат Нұртаза.

Ол әсіресе бұрын жақын араласқан, кез келген уақытта хабарласуға дайын екенін айтқан адамдардың өзгергеніне таңғалған.

«Бірақ “кім өзгерсе де, дәл осы адам өзгермейд-ау” деген адамдар өзгеріп кеткеніне куә болып отырмын. “Сэм, братан!”, “В любое время, Сәке!”, “Всегда на связи, Самат Русланович!” деп қорқорға шақыратын вице-министрлер ләм-мим ғайып болды. Ең қызығы, бұл құбылыс, қазіргі Құрылтайдың 145 депутатының басынан өтетін жәйт. Тек оны олар әзір білмей отыр. Орныңнан кеттің, депутат болдың. Ал депутаттықтан кейін қайтайын десең, орныңда адам отыр. Тупик», – деді ол.

Бұрынғы депутат жұмыссыз жүрген кезеңнің өзіне үлкен өмірлік сабақ болғанын атап өтті. Оның айтуынша, қызметтен кеткен өзге әріптестері де осындай жағдайды бастан өткеріп жатқан болуы мүмкін.

«Бұйырса, жұмысқа шығамын ғой. Бас аман болсын. Елдің алды болмасам да, соры емеспін, екі қолға бір күрек табылар. Бірақ бұл 123 күн жақсы өмірлік сабақ болды. Жұмыссыз жатқан бұрыңғы әріптестерім де, лайк қоймаса да, іштей осы постқа риза шығар деп ойлаймын. Олар да осы 123 күнде тура менің кейпімді кешіп отырғандарына 123% сенімдімін», – деп жазды Нұртаза.

Сонымен қатар ол шенеуніктердің неліктен қызметінен айырылғысы келмейтінін енді түсінгенін жеткізді. Оның пайымдауынша, лауазым адамға тек билік пен материалдық мүмкіндік бермейді, сонымен бірге қоғамға қажет екенін сезіндіреді.

«Жалпы шенеуніктердің лауазымға кенедей жабысып, кеткісі келмей, қызметте өлердей қалуға тырысатын себебін түсіндім. Лауазым - ол, көпшілік ойлайтын, нақты бір ақша, билік, кабинет емес екен. “Лауазым” - “социумға керектігің”, нақты өз шегелеген орның екен. Адам сол өз орнын жоғалтып алмау үшін психологиялық майданда күресетін сияқты. Сол қоғамға керек болғанын сезіну - шенеуніктің басты допингі. Мемлекеттік қызметте болмаған адам - бұл құбылысты түсіне алмайды», – деді бұрынғы депутат.

Самат Нұртаза осы уақыт ішінде адамдардың шынайы болмысын танығанын, сонымен бірге қиын кезеңде байланысын үзбеген азаматтардың да бар екенін атап өтті.

«“Қызмет қолдың кірі” дейді қауым, бірақ сол кірлей алмай, тап-таза Нұр-Таза болған 123 күнде көп зат өзгерді, көп пенденің беті де ашылды. Өзгермей, аман-сәлем түзу болып қалғандар да жоқ емес. Максим, Олжас бауырлар ылғи байланыста. Ондай жандарды ұмыту мүмкін емес. Алла тағала оларға риза болсын», – деп жазды ол.

Жазбасының соңында бұрынғы депутат Қазақстанда билікке пайдалы әрі қажет маман болып қалу немесе жеке кәсіппен айналысу маңызды деген қорытындыға келгенін жеткізді.

«Тоқ етері, Қазақстанның реализмінде билікке пайдалы, қажет, ерекше керек болуың керек немесе жеке кәсіпке кету керек. Бұл өмірде басқа вариант жоқ сияқты. Бұйырғанын көрерміз …» – деп түйіндеді Самат Нұртаза.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.