Тоқаев екі елге жаңа елші тағайындады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда қонақ үй алапат өртке оранды

Атырауда қонақ үй алапат өртке оранды
Фото: ТЖМ

Өртті сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнында жедел штаб құрылған.

Атырау қаласында бір қабатты қонақүй ғимаратынан өрт шығып, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оны жедел сөндірді. Оқиға орнына құтқарушылар дабыл түскен бойда Смағұлов көшесіне жеткен, деп хабарлайды kznews.kz.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 қызметкері мен 9 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Құтқарушылар өртті толық сөндірді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемін анықтап жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.