Франкфурт-на-Майнеде наразылық білдірушілердің бір бөлігі дүкендердің терезелерін сындырып, полициямен қақтығысқан. Оқиға барысында тұтандырғыш құралдар да қолданылған.
Германияның бірқатар қаласында 31 қазан күні кешке өткен жастардың жаппай наразылық акциялары полициямен қақтығысқа ұласты. Кей жерлерде дүкендер бүлініп, тәртіп сақшылары арнайы құралдар қолдануға мәжбүр болған, деп хабарлайды kznews.kz.
Берлинде өткен ірі шерулердің бірінде құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 56 адам ұсталды. Ал Кельнде бетперде киген және пиротехникалық заттар пайдаланған топқа қарсы полиция су атқыштарды іске қосқан.
Жастардың басты талаптары білім беру сапасын арттыру, күнделікті өмір құнының өсуіне қарсы шаралар қабылдау және климатты қорғау саясатын күшейтуге қатысты. Бұған қоса, олар психотерапиялық көмек пен тәуелділіктен емделу қызметтерін қолжетімді етуді талап еткен.
Наразылыққа қатысушылар міндетті әскери қызмет енгізуге және әлеуметтік шығындарды қысқартуға да қарсы шықты.