"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жезқазғанға кетіп бара жатқан пойызда жолаушы жүкті әйелді босандырып алды

Жезқазғанға кетіп бара жатқан пойызда жолаушы жүкті әйелді босандырып алды

Қарағанды – Жезқазған бағытындағы жолаушылар пойызында аяғы ауыр жас келіншек қыз бала босанды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Оқиға таңертеңгі уақытта болған. Жас келіншектің толғағы пойыз жүріп келе жатқан сәтте басталған. Абырой болғанда, жолаушылар арасында кәсіби фельдшер болған. Ол тағы екі жолаушының көмегімен шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, әйелді аман-есен босандырып алды.

Көп ұзамай пойыз жақын маңдағы станцияға тоқтаған. Сол жерде ана мен жаңа туған нәрестені жедел жәрдем қызметі қарсы алып, медициналық мекемеге жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы жақсы, өмірлеріне еш қауіп жоқ.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.