«Қайратты» екі рет Қазақстан чемпионы атандырып, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығарған Рафаэль Уразбахтин бас бапкер қызметінен өз еркімен кетті.
Клуб басшылығы оның өтінішін қабылдады, деп хабарлайды kznews.kz.
Уразбахтин Алматы командасының тізгінін 2024 жылдың қыркүйегінде ұстаған еді. Алғашқы маусымда-ақ «Қайратты» ел чемпионы атандырған маман келесі жылы да осы жетістігін қайталады.
2025 жыл команда үшін ерекше табысты болды. Алматылықтар Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, чемпиондық атағын қорғап қалды. Ең бастысы — клуб тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.
Биыл «Қайрат» Конференция лигасының жалпы кезеңіне шыққанымен, ішкі біріншілікте чемпиондықты сақтап қала алмады. Алматы клубы Қазақстан чемпионатын екінші орынмен аяқтады.
Енді бас бапкер міндетін уақытша Жора Арутюнян атқарады. Бұған дейін «Қайрат-Жастарды» жаттықтырған маман команданы алдағы «Алтайға» қарсы кездесуге дайындайды.