9 айда - 11 000: ел азаматтарының саны қанша адамға көбейді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанайда туған рэпер Миша Маваши 41 жасында қайтыс болды

Қостанайда туған рэпер Миша Маваши 41 жасында қайтыс болды
Фото: ашық дереккөз

Ресейлік телеграм-арналар таратқан нұсқалардың біріне сәйкес, музыкант үйінде қару тазалап жатқанда абайсызда оқ тиіп, жарақат алған болуы мүмкін.

Қостанайда дүниеге келген рэпер Миша Маваши (шын есімі – Михаил Ниц) 25 қазанда 41 жасында қайтыс болды,  деп хабарлайды kznews.kz "Наш Костанай" басылымына сілтеме жасап.

Оқ артистің басының жоғарғы сол жақ бөлігіне тиген. Ол ауруханаға жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанымен, өнер иесін аман алып қалу мүмкін болмады. Арна мәліметінше, өлімге ми ісінуі мен қатты қан жоғалту себеп болған.

Тағы бір болжам бойынша, Миша Маваши өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Өлім жағдайларына қатысты әзірге ресми растау жоқ.

Миша Маваши 1985 жылы 29 қаңтарда Қостанайда дүниеге келген. Музыкалық мансабын 2000-жылдардың соңында "Только правда" атты дебют альбомын шығарудан бастады. Оған "То, что видел", "Зерно" және "Изнанка" күйтабақтары кең танымалдық әкелді.

Сол кездері Маваши салауатты өмір салтын ұстанатын интернет-қауымдастықтың басты музыкалық символдарының біріне айналды. Оның спорт, ішімдік пен есірткіден бас тарту, тәртіп пен физикалық күш туралы әндері тақырыптық пабликтерде белсенді таралып, көптеген мотивациялық видеороликтерге арқау болды.

2022 жылы музыкант "Северный человек" қоғамдық қозғалысын құрды. Қайғылы оқиғадан небәрі 10 күн бұрын музыкант үйлену тойын өткізген еді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.