9 айда - 11 000: ел азаматтарының саны қанша адамға көбейді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Су тасып ішкен шетпеліктер енді ауыз суға қол жеткізді

Су тасып ішкен шетпеліктер енді ауыз суға қол жеткізді
Фото: GOV.KZ

Маңғыстау облысының Шетпе ауылында үш шағын ауданды ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа нысан іске қосылды. Жоба Ащыбұлақ-1, Ащыбұлақ-2 және Жаңаорпа-2 шағын аудандарындағы 5 мыңнан астам тұрғынның ауыз суға қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Бұған дейін аталған аумақтарға ауыз су тасымалмен жеткізіліп келген. Енді тұрғындарға су Қарақұдық жерінде жаңадан қазылған сегіз ұңғымадан құбыр арқылы беріледі, деп хабарлайды kznews.kz.

Құрылыс екі кезеңде жүргізілген. Жоба аясында жалпы ұзындығы 8 830 метр су құбыры тартылып, су қоймалары мен су айдау станциясы салынды.

Жаңа ұңғымалар Шетпенің қолданыстағы сумен жабдықтау жүйесіне де қосымша су көзі болады. Бұған дейін ауыл тұрғындары Көгез жеріндегі ұңғымалардың суын пайдаланып келген. Жаңа нысан берілетін су көлемін ұлғайтып, елді мекенді тұрақты сумен қамтуға мүмкіндік береді.

Нысанның ашылуына қатысқан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету өңірдегі басым бағыттардың бірі екенін айтты.

«Бүгінде облысымызда халыққа қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыру үшін бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартып қана қоймай, елді мекендердің одан әрі дамуына да жол ашады», – деді ол.

Жиында аудан ақсақалы Жұмағұл Селбаев тұрғындарды құттықтап, жаңа нысанның ел игілігіне қызмет етуіне тілектестігін білдірді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.