Атырау облысындағы қайғылы оқиғадан кейін көпшіліктің қолдауына ие болған Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты әлеуметтік желіде әсерлі жазба жарияланды. Оның жанынан табылып, қиын кезеңде қолдау көрсетіп жүрген жақындарының бірі Ақбаянның көз жасын алғаш рет көргенін айтты.
Alash.kz жазуынша, әлеуметтік желіде тараған жазбада автор соңғы екі ай бойы Ақбаян Мұқанғалиеваның жанында болып, оған барынша демеу көрсетуге тырысқанын жеткізген. Осы уақыт ішінде екеуінің арасында бауырмалдық пен өзара сенім қалыптасқанын айтқан.
Оның сөзінше, Ақбаян басынан өткен ауыр жағдайларға қарамастан, осы уақытқа дейін жанындағы адамдарға көз жасын көрсетпеген. Алайда жақында оның жылаған сәтіне куә болған.
"Ақбаянның жанына жалау еткен, арқа сүйеп, кейде еркелеп, көбіне қырсығатын адамына айналғаныма екі ай болыпты. Қасымда жүргелі жылауын бірінші рет көріп отырмын. Көздеріңнен тек қуаныштың жасы ақсын, аппақ бауырым".