Түркиялық БАҚ-та жарияланған ақпараттарға сүйенсек, марқұм 26 жастағы Қазақстан азаматы Айсұлу Бекмаханова.
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды kznews.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзі тұрған ғимараттың алтыншы қабатындағы балконнан көрші үйдің шатырына өтпек болған. Алайда ол екі ғимараттың арасындағы ойыққа құлап, жерасты қабатының деңгейіне түскен.
Қыз оқиға орнында көз жұмған. Оның Түркияға қыркүйек айында туристік визамен келгені белгілі болды.
Оқиға туралы хабар түскен соң, оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадалары жеткен. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптама институтының мәйітханасына жеткізілген.
Түркиялық басылымдардың мәліметінше, әйел Түркияға Ресей азаматы 22 жастағы әйелмен бірге келген және онымен бірге тұрған. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де ақпаратты растады.
"Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста және оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Түркияның құзыретті органдары тергеу жүргізуде, оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Мәселе ҚР Сыртқы істер министрлігінің бақылауында", – делінген министрлік хабарламасында.