ка

«Жастарым «көгілдір»: Ринат Зайытов қазақ мәдениетінде жартылай қаралы күн орнағанын айтты

21.05.2025 17:37
0
65
«Жастарым «көгілдір»: Ринат Зайытов қазақ мәдениетінде жартылай қаралы күн орнағанын айтты

Парламент Мәжілісінің депутаты, ақын, айтыскер Ринат Зайытов өлең жолдарын жариялап, жұртты ойға салып қойды, деп хабарлайды Kznews.kz

Ақын өзі жариялаған жазбасын көп ұзамай өшіріп тастады. Дегенмен интернет беттерінде жазған өлеңі таралып жатыр.

«О, сұмдық-ай...
О, құрғыр.
Көншір ме екен көңіл бір.
Қай залымның кеңесі?
(Даттау сізге көмілгір)

Айналама қарасам,
Аспаным да көгілдір,
Жастарым да «көгілдір».
Қолын бұлғап қарсы алған,
Арманым да көгілдір,
Шымшық құсап қарсы алған,
«Тарланым» да «көгілдір»,
Тіс қайрау да шара жоқ
Үндемейсің...
Өмір – бұл

Бүгін Қазақ мәдениеті үшін жартылай қаралы күн деуге болады...» - деп жазды Ринат Зайытов.

Желі қолданушылары ақынның дәл осылай күйініп, өлең жазуына мәдениет саласында кейбір атақтар орынсыз беріліп жатқаны жөнінде болжам жасады.

«Сұмдық. Мейрам Бесбаев, Сәкен Майғазиев сияқты әншілердің алатын жөні бар еді», «Бұл не деген сұмдық!» - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін танымал әнші Алишер Каримов Қазақстанның халық әртісі атанғаны хабарланған болатын.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий