KZNews.kz
Сарапшы пікірі

Жаңа Салық кодексі емес: Президент қол қойған өзгерістерді қалай дұрыс түсіну керек

Абзал Бахытжан
Фото: inbusiness.kz

Салық кодексіне өзгерістер мен жаңа кодекстің арасындағы айырмашылық

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев салық заңнамасына қатысты соңғы ақпараттарға орай журналистикадағы жауапкершілік мәселесін көтерді. Оның айтуынша, кейбір ақпарат құралдары Президент Тоқаев қол қойған түзетулерді жаңа Салық кодексі ретінде жариялап, қоғамда жаңсақ түсінік қалыптастырған.

"Жақында ғана Президент Тоқаев Салық кодексіне түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды. Бірақ бұл жаңа Салық кодексі емес. Бұл қолданыстағы ескі Салық кодексіне енгізілген өзгерістер ғана. Жаңа кодекс туралы бөлек құжат болады және ол кейінірек, белгіленген уақытта күшіне енеді," – деді Әбішев.

Ол мұндай мәлімет ресми хабарламаларда анық көрсетілгенін айта келе, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының бұл жайтты қате түсіндіріп, жаңа кодекс қабылданды деген жаңалық таратқанын сынға алды.

"Мен ол басылымдарды атамай-ақ қояйын еңбектеріне құрметпен қараймын. Алайда мұндай жағдайда мәтіннің мағынасын мұқият сараптау қажет. Себебі асығыстық ерте ме, кеш пе нақты адамдардың өміріне әсер ететін жалған түсініктерге әкелуі мүмкін," – дейді саясаттанушы.

Ғазиз Әбішев бұл оқиғаны кеңірек әлеуметтік мәселе ретінде қарастырады. Оның пікірінше, қоғамда бұрынғыдай талапшыл, қатал басшыларды зұлым деп сипаттап, оларды ығыстыру үрдісі жүріп жатқанымен, сонымен қатар кәсіби стандарттар да әлсіреп барады.

"Бұл білім беру, денсаулық сақтау, инженерия сияқты көптеген салаларға тән, оның ішінде журналистика да бар. Мейірімділік пен жұмсақтық талапты төмендетпеуі керек," – дейді ол.

Абзал Бахытжан
Автордың басқа материалдары