KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Үйде отырып қалған әйел емеспін»: Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанға тағы мысқылдады (ВИДЕО)

Торғын Абушахман
Коллаж: Sn.kz

Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерейдің әйелі Бақыт Тұрман сұхбатында өзінің бұрыннан әртіс екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

"10-20 жыл үйде отырып шыққан әйел емеспін. Бала кезден сахнада жүрген адаммын. Біздің халықтың түсінігінде танымалдылық деген бар және ешкім емес деген бар. Ал оның ортасында еңбек етіп жүрген адамдар кімдер сонда? Бүкіл біздің оқу орындарында, мәдениет сарайларында, аудандарда жұмыс істеп жүрген адамдар танымал емес, мысалы. Сонда олар кімдер? Ешкім емес пе? Тек қана бейнебаян түсіріп, хит жазған дам ғана танымал, қалғаны сонда ешкім емес пе? Ол дұрыс емес қой. Сондықтан біздің ауыл-аймақтарда қаншама талантты, ешкім білмейтін, бірақ сол аймақта ғана танымал, еңбегі сіңіп жүрген адамдар қаншама. Сол сияқты мен де аса бір танымалдылыққа құштар болмасам да, өзімнің еңбегімді жасап, өзімнің дипломыммен жұмысымды істеп жүрген адаммын", - деді ол.

Алайда Бақыт Тұрманның бұл сөздері жұртқа жақпай қалды. Мөлдір Мұқанға арнап әйеді айтылған деп түсінген оқырмандар түрлі пікір қалдырды. 

"Басқаны түсіріп, өзін биік санап отыр ма", "Өзін Мөлдірдін қасында ақылдымын деп намёк тастап тұр ғой", "Дауысы жоқ, бірақ әншімін деп отыр ма?", Құрыстырып мен мен деп өзін Мөлдірмен жарысып", "Мынау не оттап отыр барлық үйде отыратын әйелдерге сөз тигізіп отыр ғой", "Бір әні жоқ есте қалған не былшылдап отыр", - деп жазды желі қолданушылар. 

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →