Шоу-бизнес

“Тұрсынбектің тапсырысы”: Мөлдірді сынға алған Бақыт Тұрман ақталды

“Тұрсынбектің тапсырысы”: Мөлдірді сынға алған Бақыт Тұрман ақталды
Фото: ашық дереккөз

Белгілі сыншы әрі өнертанушы Бақыт Тұрман қайтадан ел алдына шығып, Мөлдір Мұқанованың жаңа фильміне қатысты айтқан пікіріне байланысты туындаған дауға жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол бұған дейін картинаның кемшіліктерін ашық айтып, сынға алған еді. Бұл сөздер әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, көпшілік тарапынан әртүрлі пікірлер айтылған.

Алайда Бақыт Тұрман жағдайды түсіндіріп, ешкімге ренжімейтінін жеткізді. Оның айтуынша, пікір айту — оның кәсіби міндеті.

«Қыздар, бәрі жақсы. Мөлдір ханымның өзі де «Ол рас, осындай кемшіліктер болды» деп жазды. Мен әрдайым шын пікірімді айтамын, сондықтан ешқандай реніш туындамайды деп сенемін. Болды, бәрі орнына қойылды», – деді ол. Тіпті Мөлдірдің өз атынан түсініктеме беріп, мәселенің жабылғанын айтты.

Соған қарамастан, желі қолданушыларының реакциясы толастаған жоқ. Комментаторлар арасында түрлі пікірлер жазылды:

«Қайраттың киносы да нашар ғой, оны неге айтпайсың?»
«Мүмкін Тұрсынбекке жағу үшін айтты, себебі оның театрында жұмыс істейді ғой»
«Бұл Тұрсекеңнің тапсырысы емес пе?»

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz