Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем элитасына қайта оралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтаулық асабаның әйелі қайғылы жағдайға тап болғанын айтты

Ақтаулық асабаның әйелі қайғылы жағдайға тап болғанын айтты
ашық дереккөзден

Желіде атышулы жағдайдан кейін көпшілік назарында жүрген асаба Ханның жары Алма Мырзабекова қайғылы жағдайға тап болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек ауыртар хабармен бөлісіп, сәбиінен айырылып қалғанын жазды.

"Әр ана үшін ішіндегі сәбиін жоғалту — сөзбен айтып жеткізе алмайтын ауыр қайғы.,. Мен оны қолыма ұстап үлгермесем де, жүрегіммен сүйіп үлгердім. Ол менің арманым болды, үмітім болды, жүрегімнің бір бөлшегі болды", – деп жазды ол. 

Сондай-ақ ол соңғы уақытта орын алған жағдайлардың ауыр әсері алдымен баласына тигенін айтты.

"Соңғы жағдайлардың әсері өзімнен бұрын балама тиді. Алланың ісіне амалым жоқ. Жанымда болған осы сәтте отбасыма рахмет", – деді ол. 

Желі қолданушылары Алмаға қолдау білдіріп, жылы сөздерін жолдауда. Сонымен бірге ол өзіне көмек көрсеткен дәрігерлерге ризашылығын жеткізді.

"ОПЦ гинекология бөлімінің дәрігерлері мен қызметкерлеріне үлкен рақмет! Дәрігерім @mukashevaluiza үлкен алғысымды білдіремін. Кәсібиліктеріңіз, мейірімдеріңіз, қамқорлықтарыңыз бен жылы қарым-қатынастарыңыз үшін мың алғыс. Әр пациентке түсіністікпен қарап, қолдау көрсеткендеріңіз үшін ерекше ризамын", – деп жазды Алма.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер