KZNEWS.KZ
Әлем

Түркияда қайғылы жағдай: әскери жаттығу кезінде сарбаздар көз жұмды

• Айжан Сыланова
Фото: Анадолы

Түркияның Ескишехир провинциясында әскери жаттығу кезінде тікұшақ апатқа ұшырап, бес әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі қаза болған бес сарбаздың аты-жөні анықталғанын мәлімдеді. Әскери қызметшілердің денелері Анкараға жеткізілген. Сот-медициналық сараптама аяқталғаннан кейін марқұмдар жерлеу рәсімдерін өткізу үшін туған жерлеріне жөнелтіледі.

Оқиғаға байланысты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, қайғылы жағдайға байланысты өкініш білдірді.

Апат болған жерде өрт шыққан. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен тікұшақтың құлауына себеп болған факторлар анықталып жатыр.

Түркияда соңғы екі апта ішінде әскери тікұшақпен байланысты екінші апат тіркеліп отыр. Бұған дейін, 12 қарашада елдің оңтүстік-шығысындағы Малатья провинциясында S-70 әскери тікұшағы құлаған болатын. Осылайша, қысқа уақыт аралығында Түркия әскери авиациясында екі қайғылы оқиға орын алды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →