Экспорттың есепті өсімі мен дастарқанның «кемтігі»: қазақтың еті неге өзіне бұйырмай тұр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Словакияда төрт қазақстандық студент ұсталды

Словакияда төрт қазақстандық студент ұсталды
Видеодан алынған кадр

Словакияның Тренчин қаласында полиция 18 бен 21 жас аралығындағы төрт қазақстандық студентті ұстады.

TN Live телеарнасының хабарлауынша, олар жергілікті тұрғыннан ақша бопсалауға әрекеттенді деген күдікке ілінген, деп хабарлайды kznews.kz.

Телеарна мәліметінше, бес жігіт егде жастағы әйелдің үйіне келіп, өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар әйелдің немересін іздеп, үйдің бөлмелерін тінтіген. Күдіктілер ер адамды сол үйден тауып, ұрып-соққан делінеді.

«Ол да қорқады, мен де қорқамын. Бізді өлтіріп кете ме деп қорқамыз», – деді әйел телеарнаға.

Әйел бейтаныс адамдардың әрекетіне шағымданғаннан кейін олардың полиция қызметкері еместігі анықталған. TN Live дерегінше, ұсталған төртеуі де Қазақстан азаматы және жергілікті университетте оқиды. Бесінші адам әзірге табылмаған.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.