Төрехан Сабырхан Қытай боксшысын 3 рет нокдаунға түсіріп, финалға өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркияда Қазақстан азаматы оққа ұшып, көз жұмды - ҚР СІМ түсініктемесі

Түркияда Қазақстан азаматы оққа ұшып, көз жұмды - ҚР СІМ түсініктемесі
Haberler.com

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ыстанбұл қаласында қазақстандық азаматтың қаза табуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ведомство мәліметінше, оқиға биыл 31 наурыз күні Түркияның Ыстанбұл қаласының Фатих ауданында болған.

«Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі аталған оқиғадан хабардар. Қазіргі уақытта Түркия Республикасының құзырлы органдары тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетуде. Мәселе бақылауда», – делінген ресми хабарламада.

Белгілі болғандай, қылмыс жексенбі күні шамамен сағат 16:30 шамасында болған. Белгісіз адам жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматы Ариф Исмаиловқа оқ атқан.

Ауыр жарақат алған азамат ауруханада көз жұмған.

Ыстанбұл полициясы күдіктілердің көлігін анықтап, кейін дрондардың көмегімен олардың өзін де ұстаған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер – Грузия азаматтары, олар шекарадан қашып өтпек болған.

Қылмыстың себептері әзірге белгісіз.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.