ҚТЖ басшысы болып Ерсайын Нағаспаев тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Nvidia басшысы қызметіне оралған Дженсен Хуанг жанжалдан кейінгі өмірі туралы айтып берді

Nvidia басшысы қызметіне оралған Дженсен Хуанг жанжалдан кейінгі өмірі туралы айтып берді
фото: ашық дереккөз

Басылымның мәліметінше, сейсенбі күні ол бас директор лауазымына қайта оралғаннан кейін қызметкерлермен алғашқы кездесуін өткізген.

Nvidia басшысы Дженсен Хуанг компанияның барлық қызметкерінен мінез-құлық кодексін бұзғаны үшін кешірім сұрап, күн сайын 90 минуттық психотерапия сеанстарынан өтіп жүргенін мойындады,  деп хабарлайды kznews.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап.

"Мен бірнеше өрескел қателік жібердім", - деді ол кездесу барысында. Сонымен қатар ол әйелінің сенімін ақтамағанын, балалары мен компания қызметкерлеріне ауыр соққы жасағанын айтып өтті.

Хуанг компанияның мінез-құлық кодексін, оның ішінде өзі әзірлеген кейбір ережелерді бұзуы "кешірілмейтін жайт" екенін атап өтті. Оның бұл әрекеттері директорлар кеңесін компаниядағы болашақ қызметінің тиімділігін бағалауға мәжбүр етіп, соңында отставкаға кетуіне алып келген.

Ол өзін "заңнан жоғары" немесе "корпоративтік мінез-құлық кодексінен жоғары" санайтын ықпалды технологиялық элита өкілі болғандықтан қайтып келмегенін мәлімдеді. Бұған қоса, Хуанг АҚШ президенті Дональд Трамптың оны қызметіне қайта тағайындау үшін Nvidia директорлар кеңесіне қысым көрсеткенін жоққа шығарды.

"Бұл да мүлдем шындыққа жанаспайды", - деді ол тікелей эфир кезінде. Оның жазбасын газет журналистері зерттеп шыққан.

Оның айтуынша, ол директорлар кеңесі "жағдайды толық бағалап", "айғақтар жинағаннан" кейін ғана оралған. Сонымен қатар Трамп әкімшілігі компания басшылығына Хуангтың ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірмейтініне кепілдік берген.

Хуанг директорлар кеңесінің оны қайтару туралы шешімі "компания мен оның акционерлерінің мүддесіне сай келетінін" де жеткізді.

Директорлар кеңесінің бұл шешімі басқа қызметкерлерге корпоративтік мінез-құлық кодексін бұзуға рұқсат дегенді білдірмейді. Хуанг мұндай әрекеттердің орынсыз екенін және оған жол берілмейтінін баса айтты.

"Кейде кешірім орынды, кейде орынсыз", - деп есептейді ол.

Nvidia басшысы кадр бөлімі оның жұмысы туралы пікірлер жинап, оны ай сайын директорлар кеңесіне беріп отыратынын түсіндірді. Оның айтуынша, ол өзінің "бар күш-жігерін компанияның игілігі мен дамуына жұмсай" алатынына көз жеткізгісі келеді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.