Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қайғылы жағдай: әскерде тағы да сарбаз көз жұмды

Қайғылы жағдай: әскерде тағы да сарбаз көз жұмды
Фото: tengrinews.kz

20 жастағы сарбаз 2025 жылдың 27 қыркүйегінде әскер қатарына шақырылып, бар болғаны бір аптадан кейінқаза тапқан. Қайғылы хабарды отбасы 5 қазан күні таңертең естіген.

Туыстарының айтуынша, Нұрасыл әскерге өз еркімен барып, борышын адал өтеуге ниетті болған. Алдын ала нұсқа бойынша, оның өліміне менингит себеп болуы мүмкін, бірақ отбасы бұл болжамға күмән келтіреді.

«Бізге нақты ақпарат берілмей отыр. Бәрін ашық, әділ тергесін дейміз», — дейді марқұмның әпкесі.

Қайғыдан қан жұтқан отбасы әділ тергеу жүргізіп, өлімнің нақты себебін анықтауды талап етуде. Қазір бұл жағдайға қатысты Қорғаныс министрлігіне және ҰҚК Шекара қызметіне ресми сауал жолданған.

Айта кетейік, бұған дейін де Маңғыстау облысында жас сарбаздың өлімі тіркеліп, қоғамда кең талқыланған болатын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.