Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістанда "теріс діни ағым өкілдері" ұсталғаны хабарланды

Түркістанда "теріс діни ағым өкілдері" ұсталғаны хабарланды

3 маусымда Түркістан облыстық полиция департаменті Түркістандағы базарлардың бірінде деструктивті діни ағым өкілдері ұсталғанын хабарлады.

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, департаменттің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен арнайы жасақ үш күдіктіні қаладағы базарлардың бірінен ұялы телефондарды алып-сататын және жөндейтін орыннан ұстаған.

"Олар ұрланған ұялы телефондарға арнайы деструктивті ағымды насихаттайтын мәліметтерді жүктеп, сатқан" дейді Қаракөзова.

Күдіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру" бабымен іс қозғалған. Олар уақытша қамауға алынған. Айғақты заттар алынып, бірнеше сараптама тағайындалған.

Халықаралық ұйымдар Қазақстан діни наным-сенімге көп шектеу қояды деп сынайды. АҚШ-тың діни еркіндік жөніндегі комиссиясы (USCIRF) Халықаралық діни бостандық жайлы 2018 жылға арналған есебінде "Қазақстан үкіметі исламның суннит ағымын, ханафи мазхабын қолдайды. Ал исламның басқа ағымдарына күдікпен қарайды" деп жазды.


Azattyq
Автор
Бауыржан