Экспорттың есепті өсімі мен дастарқанның «кемтігі»: қазақтың еті неге өзіне бұйырмай тұр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Аузы қисық болса да…”: Дина Төреәлі “Хабар” телеарнасына жүргізушілікке шақырғанын айтып мақтанды

“Аузы қисық болса да…”: Дина Төреәлі “Хабар” телеарнасына жүргізушілікке шақырғанын айтып мақтанды
Фото: ozgeris.info

Ол өзіне жүргізушілікке ұсыныс түскенін айтты.

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі желідегі парақшасында сүйінші сұрады, деп хабарлайды kznews.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

"Маған "Хабар" телеарнасынан жүргізушілікке ұсыныс түсті. Ойланып, өзіме қызық болғаны үшін келістім. Астанаға келген соң редактор, продюсермен кездесіп, бір келісімге келдік", деді әншінің қарындасы. 

Сонымен қатар Дина Төреәлі дайындық барысын жеке парақшасында бөлісті. 

Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір жазды. 

"@khabartv басқа дипломы бар білікті мамандар жұмыс таба алмай жүргенде, бұл қай басынғандарыңыз", "Дипломды бір парақ қағаз деп адамның қанша жылғы еңбегін жоққа шығарып, қалай ұялмай дым білімсіз, қабілетсіз жасайды екен бұл жұмысты", "Журналистер жетпей жатыр екен-ау", "Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін боп тұр ғой", "@khabartv осы істің жілігін шағып майын ішкен жас журналистер жүр жұмыс таппай, сендер отырыңдар әнші, актрисаларды алып енді әншінің қарындасы қалып еді жүргізуші болмаған ұят", деді көпшілік. 

Дина Төреәлі өзіне қарата айтылған бұл сынды жауапсыз қалдырмады. 

"Менің жасым 23 те!
Аллаға шүкір 3 балам бар.
Оқуды емес отбасы болуды таңдадым сол сәтте!
Оқу, білім алу ешқашан да кеш емес және одан қашпаймын.
Бірақ сендер ойлаған 1 қағаз диплом ештеңені шешпейді.
Потенциалың жоқ болса 10 дипломың болса да көмектеспейді!
Дипломым жоқ – бизнесім бар
Дипломым жоқ – табысым бар
Көзім ашық – көкірерім ояу шүкір!
Күнделікті даму үстіндемін", - деп жазды ол. 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.