Экспорттың есепті өсімі мен дастарқанның «кемтігі»: қазақтың еті неге өзіне бұйырмай тұр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ауылға арналған бағдарламалар қысқара ма? Тоқаев Үкіметке оларды қайта қарауды тапсырды

Ауылға арналған бағдарламалар қысқара ма? Тоқаев Үкіметке оларды қайта қарауды тапсырды
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын қолдауға арналған бағдарламалардың шамадан тыс көбейіп кеткенін айтып, олардың тиімділігін қайта қарауды тапсырды. Мемлекет басшысының пікірінше, ауылды дамытуда бағдарламалардың саны емес, нақты нәтижесі маңызды.

Бұл туралы Президент ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Тоқаевтың айтуынша, бүгінде ауыл мен аграрлық секторды қолдау үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Алайда олардың бірқатарының мақсаттары мен міндеттері өзара ұқсас болуы мүмкін.

«Соңғы жылдары ауыл шаруашылығына қатысты “аттары бөлек, бірақ заттары бірдей” бағдарламалар тым көп болып кеткен сияқты», – деді Мемлекет басшысы.

Президент «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі», «Кең дала», «Береке», «Жайлау», «Игілік», «Сыбаға» сияқты бағдарламаларды мысалға келтірді.

Оның пікірінше, әр бағдарламаның жеке мақсаты мен нақты міндеті болуы тиіс. Ал бірін-бірі қайталайтын жобалардың тиімділігін қайта бағалау қажет.

«Бізге бағдарламаның саны емес, ауыл шаруашылығының сапалы дамығаны керек», – деді Тоқаев.

Осыған байланысты Президент Үкіметке ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған бағдарламаларға жан-жақты талдау жүргізуді тапсырды.

Бұл тапсырма мемлекеттік қолдау тетіктерін қайта қарауға негіз болуы мүмкін. Алайда Президент бағдарламаларды жаппай қысқарту туралы тікелей тапсырма берген жоқ. Негізгі талап – олардың тиімділігін анықтау, мақсаттарын нақтылау және мемлекет қаржысының орынды жұмсалуын қамтамасыз ету.

173 миллиард теңге жұмсалды. Нәтиже қандай?

Мемлекет басшысы ауылды дамытуға бөлінген қаржының нақты нәтижесін тексеру қажеттігін де көтерді.

Ресми мәлімет бойынша, былтыр «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 500-ге жуық ауылда 921 жоба іске асырылған. Оларға жалпы 173 миллиард теңге жұмсалған.

Бұдан бөлек, 277 елді мекенде сумен жабдықтау жүйесі жаңғыртылған.

Алайда Президент бұл көрсеткіштермен шектелмей, атқарылған жұмыстардың ауыл тұрғындарының өміріне қаншалықты әсер еткенін анықтау қажет екенін айтты.

«Себебі бұрын бәріміз адамдарды қуантатын “керемет, тіпті мінсіз” ақпаратты көп тыңдадық. Соның бәріне қуандық. Сосын дұрыс статистикалық мәлімет берілмеді деп сылтау тауып, мәселені “алыс сөреге” ысырып қоя салатын едік. Біз мұндай жағдайға жол бермеуіміз керек», – деді Тоқаев.

Осылайша, Президент ауыл шаруашылығын қолдауда бағдарламалардың санын көбейтуден гөрі олардың нақты тиімділігіне басымдық беру қажеттігін ескертті.

Енді Үкімет қолданыстағы бағдарламалардың мақсаттары мен нәтижелерін талдап, мемлекеттік қаржының қаншалықты тиімді жұмсалып жатқанын бағалауға тиіс.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.