"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тұрғымбаев полицейлердің алдына сегіз міндет қойды

Тұрғымбаев полицейлердің алдына сегіз міндет қойды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің жақын аралықтағы сегіз міндетін белгіледі, деп хабарлайды KzNews.

– Ішкі істер органдарының басты міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз қоғамдық орта құру. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің нысандары мен әдістерін жетілдіру, сондай-ақ халықпен байланысты жалғастыру қажет, – деп атап өтті министр.

Жұмыс қорытындысы бойынша Ерлан Тұрғымбаев алдағы кезеңге полиция қызметінің екі негізгі бағыты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес бойынша міндеттерді белгіледі.

Құқық бұзушылық профилактикасы саласында:


  • неғұрлым криминогенді учаскелерде стационарлық бекеттер орнату, сондай-ақ үйлердің аулаларында, саябақтарда, скверлерде жаяу патрульдеу есебінен “жұртқа жақын полиция” қағидатын іске асыруды қамтамасыз ету;

  • қоғамдық орындарда, елді мекендерде және жолдарда полицияның жедел басқару орталықтарымен ықпалдаса отырып, зияткерлік қауіпсіздік жүйелерін дамыту бойынша шаралар қабылдау;

  • учаскелік полиция пункттері желісін дамытуды қамтамасыз ете отырып, учаскелік инспекторлар қызметінің жарақтандырылуын арттыру;

  • жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жол инфрақұрылымын бақылауды күшейту;

  • қылмыстық-түзеу мекемелерінде жаппай бейнебақылау енгізу. Қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша:

  • қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасы мен ашықтығын жақсарту;

  • киберқылмыспен күрес бөлімшелерін білікті IT-мамандарымен, интернет-алаяқтыққа қарсы тиімді іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы бағдарламалық-техникалық жабдықтармен нығайту;

  • есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту, синтетикалық есірткілердің, оның ішінде интернет-ресурстар арқылы таралуының жолын кесу жөнінде шаралар қабылдау.


 
Автор
Еркебұлан