Кезекке жазылып, уақытында келмеген тасымалдаушы ақшасынан айырылуы мүмкін. 9 қарашадан бастап Қазақстан–Өзбекстан шекарасындағы үш өткізу пунктінде электрондық кезекті брондау үшін кепілдік төлем енгізіледі.
Жаңа талап халықаралық жүк тасымалымен айналысатындарға қатысты, деп хабарлайды kznews.kz. «Қазығұрт», «Б. Қонысбаев» және «Атамекен» өткізу пункттерінде кезек брондау үшін тасымалдаушының арнайы электрондық шотында 20 АЕК, яғни 2026 жылғы есеппен 86 500 теңге болуы керек.
Көлік өткізу пунктіне белгіленген уақытта келсе, кепілдік сомасы тасымалдаушыға автоматты түрде толық қайтарылады. Ал тасымалдаушы 90 күн ішінде қатарынан екі рет белгіленген уақытта келмесе, кепілдік төлем қайтарылмай, мемлекеттік бюджетке өндіріледі.
Демек, кезекті брондап, кейін бармай қалуды әдетке айналдырғандар үшін бұл нақты қаржылық шығынға әкелуі мүмкін.
Жаңа тәртіп 2026 жылғы 9 қарашадан бастап күшіне енеді.