Харри Кейн «Алтын допты» иеленді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Тоқтар бауырым, марапатың құтты болсын": Мақпал Жүнісова Тоқтар Серіковті құттықтады

"Тоқтар бауырым, марапатың құтты болсын": Мақпал Жүнісова Тоқтар Серіковті құттықтады
Мақпал Жүнісова. Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова белгілі әнші Тоқтар Серіковтің мемлекеттік наградаға ие болуына байланысты құттықтауын жеткізді. Өнер иесі әріптесіне әлеуметтік желі арқылы жылы лебіз білдірді.

Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында Тоқтар Серіковтің жетістігіне қуанышты екенін білдіріп, оған ізгі тілегін арнады.

"Тоқтар бауырым, марапатыңыз құтты болсын!" – деп жазды әнші.

Айта кетейік, Тоқтар Серіков Республика күніне орай жоғары мемлекеттік наградалардың бірі – "Парасат" орденімен марапатталды. Өнер иесі бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жариялап, өзіне көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірген болатын.

"Бірінші Аллаға разымын осындай құрметке бөлеген, екінші әрқашан бізден ыстық ықыласын аямаған Қазақ еліне разымын!" – деп жазды Тоқтар Серіков.

Әнші алдағы уақытта да туған еліне қызмет етіп, өнер жолындағы еңбегін жалғастыра беретінін жеткізді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер