Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Жамбыл облысының бірнеше шенеунігін қызметінен босатуды тапсырды

Тоқаев Жамбыл облысының бірнеше шенеунігін қызметінен босатуды тапсырды

Дүйсенбі, 10 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптаның соңында он адам қаза тапқан қақтығыс болған Жамбыл облысының бірнеше лауазымды тұлғаны қызметінен босатуды облыс әкімі Асқар Мырзахметовке тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Президент Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлушаш Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды" делінген дүйсенбі күнгі ақпаратта.

Сонымен қатар президент ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевті және Қордай ауданы полиция бөлімінің бастығы Азамат Айқымбековті қызметінен алуды тапсырған.

Ақпанның 7-сі күні Жамбыл облысы Қордай ауданында тұрғындардың қатысуымен болған жанжалдың соңы этникалық сипаттағы қақтығысқа ұласып, 10 адам мерт болған, ондаған адам зардап шеккен. Куәгерлердің айтуынша, жергілікті аумақта тұрмайтын белгісіз ер адамдар басым бөлігі этникалық дүнген тұратын ауылдардағы ғимараттар мен тұрғын үйлерді өртеп, көліктерді бүлдірген. Полиция жанжалға байланысты "Адам өлтіру" және "Тәртіпсіздік ұйымдастыру" бабы бойынша қылмыстық істер қозғады. Жанжалдың нақты неден шыққаны белгісіз. 8 ақпанда кешке Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Бұған дейін жанжалдан зардап шеккендердің басым бөлігі - Қордай аудандық ауруханасына, бір бөлігі көрші Қырғызстандағы Тоқмақ қаласындағы ауруханаға жатқызылғаны хабарланған еді.

9 ақпанда Азаттық тілшісі зардап шеккен азаматтар туралы білмек болып Қордай аудандық ауруханасына хабарласқанымен жауап ала алмады.


Azattyq
Автор
Айбар