«Самұрық-Қазына» қорында тағы бір басшы ҰҚК тергеуіне ілікті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Өз руын білсін деп шындықты айттым": Мақпал Жүнісова қызына қатысты көп жыл жасырған құпиясын ашты

"Өз руын білсін деп шындықты айттым": Мақпал Жүнісова қызына қатысты көп жыл жасырған құпиясын ашты
Мақпал Жүнісова қызы Мереймен. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова қызы Мерейге оның шыққан тегі туралы шындықты не себепті айтқанын түсіндірді. Әншінің сөзінше, марқұм жары Заманбек Нұрқаділов бұл әңгімені қызы 18 жасқа толғанда өзі айтуды жоспарлаған.

Өнер иесі журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында қызының өміріне қатысты ұзақ жылдар бойы қозғамаған тақырып туралы ашық әңгімелеген.

Мақпал Жүнісованың айтуынша, Заманбек Нұрқаділов көзі тірісінде Мерей кәмелет жасына жеткен кезде оның шыққан тегіне қатысты шындықты өзі айтатынын жеткізген. Алайда ол өмірден өткеннен кейін бұл жауапкершілік әншінің өзіне қалған.

"Зәкең көзінің тірісінде "Мерей 18-ге келгенде өзім айтамын" деген. Қыз 18-ге толды, мен айта алмадым. 19 жасында да айта алмадым. 20-ға жақындағанда айттым", – деп еске алды әнші.

Мақпал Жүнісова мұндай шешімге келуіне қызының есейіп, болашағы туралы ойлана бастауы әсер еткенін айтты. Оның сөзінше, Мерей жігіттермен танысып, олардың руын сұрап, өзінің де шыққан тегін айта бастаған. Осы кезде әнші қызына шындықты жеткізетін уақыт келгенін түсінген.

"Өзін албанмын дейді. Ол – өтірік қой. Арғынның қызы, қаракесек. Сол кезде шындықты айтуға бекіндім. Өз тегін, руын білсін деп ойладым", – деді өнер иесі.

Әнші қызының болашақта отбасын құрар кезде өз тегіне қатысты жаңсақ мәлімет айтып жүрмеуін қалағанын жеткізді. Сондай-ақ Мақпал Жүнісова шындық белгілі болғаннан кейін Мерейге басқа отбасы мүшелерінің хабарласа бастағанын айтты. Бұл жағдай да мәселені жасырмай, ашық айту қажеттігін күшейткен.

Еске сала кетейік, Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовпен қалай танысқанын айтып берген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер