«Самұрық-Қазына» қорында тағы бір басшы ҰҚК тергеуіне ілікті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада кәсіпкер Ғылым қорынан алған 300 млн теңгеге жуық грантты жымқырды деген күдікке ілінді

Астанада кәсіпкер Ғылым қорынан алған 300 млн теңгеге жуық грантты жымқырды деген күдікке ілінді
ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға бөлінген мемлекеттік гранттарды жымқыру схемасын анықтады, деп хабарлайды kznews.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылы жеке кәсіпкер «Ғылым қоры» акционерлік қоғамынан «Өсімдік майларын қайта өңдеу және тазарту өндірісін ұйымдастыру» жобасын іске асыру үшін жалпы қаржыландыру көлемі 350 млн теңгеге дейінгі грант алған.

Алайда қаражат жабдықтар, шикізат, маркетингтік қызметтер және басқа да тауарлар үшін төлем жасау деген желеумен бақылаудағы компаниялардың шоттарына аударылып отырған.

Атап айтқанда, жобада көзделген дат баспайтын болаттан жасалған үш өндірістік желінің орнына техникалық талаптарға сәйкес келмейтін, көміртекті болаттан жасалған екі қондырғы ғана сатып алынған.

Дайын өнім өндірілмеген және сатылмаған.

Нәтижесінде мемлекетке 297 млн теңгеден астам залал келтірілген.

Жымқырылған қаражат пайдаланылған өсімдік майын жеткізуге төлем жасау деген желеумен өзара байланысты екі компанияның шотына аударылған.

Кейін бұл қаражаттың бір бөлігі жеке кәсіпкерліктің шоттарына қайтарылып, жобаға қосқан өз қаражаты ретінде рәсімделген. Сондай-ақ қаражаттың бір бөлігі автокөліктерді лизингке алу шарттары бойынша бастапқы жарналарды төлеуге жұмсалған.

Бұдан бөлек, жобаның іске асырылуын бақылауға жауапты «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ қызметкері 1,7 млн теңге заңсыз сыйақы алып, анықталған заңбұзушылықтарды тексеру актілерінде көрсетпеген және жобаны қаржыландыруды жалғастыруға ұсыным берген.


Екі күдікті қамауға алынды.

Сот санкциясымен 6 автокөлікке, пәтерге және жабдықтарға тыйым салынды.

Тергеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі