"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Тоқаев Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Kznews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ел ісіне белсене атсалыстыңыз. Мемлекеттігіміздің тұғырын нығайту жолында еңбек еттіңіз. Министр, кейін премьер-министрдің орынбасары болдыңыз. Дипломатиялық қызметте еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қостыңыз. Қытай Халық Республикасында Төтенше және өкілетті елші болдыңыз, сондай-ақ Моңғолия, Вьетнам және Солтүстік Корея елдерімен қарым-қатынасты дамыту үшін табанды жұмыс істедіңіз. Сіз елімізде парламентаризм институтын дамытуға мол үлес қостыңыз. Жоғары Кеңесте депутат, төрағаның орынбасары болдыңыз. Одан кейін үш рет Сенаттың, екі рет Мәжілістің депутаты ретінде заң шығару ісінің бел ортасында жүрдіңіз. Өзекті мәселелерді қозғадыңыз. Қазір де қоғамдық жұмыстан қол үзген жоқсыз. Сіздің қажыр-қайратыңыз, мемлекетшіл болмысыңыз, адамгершілігіңіз жастарға үлгі-өнеге болады деп ойлаймын», – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановтың жазушылық қырына тоқталып, еліміздегі саяси және қоғамдық үдерістер жайында көптеген еңбек жазғанына назар аударды.

Қуаныш Сұлтанов елдің игілігі үшін жасаған еңбегін елеп, ең жоғары мемлекеттік награданың бірі – «Отан» орденіне лайық көргені үшін президентке алғыс айтты.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.