Уразбахтин «Қайраттан» кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

TikTok-та балағат сөздер айтқан тұрғын 5 тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)

TikTok-та балағат сөздер айтқан тұрғын 5 тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбелік полицейлер әлеуметтік желіде әдепсіз әрекеттерге жол берген 42 жастағы Абдулла Қоңырбаевты анықтап, ұстады

Ақтөбе қаласында әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз ишаралар көрсеткен жергілікті тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды kznews.kz

Құқық бұзушылықты Ақтөбе қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері желіге мониторинг жүргізу барысында анықтаған.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде әдепсіз әрекеттерге жол берген 42 жастағы Абдулла Қоңырбаевты анықтап, ұстады. Сот шешімімен азамат 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Полиция өкілдері әлеуметтік желілер де қоғамдық кеңістік саналатынын ескертті. Сондай-ақ тікелей эфир жүргізу немесе виртуалды ортада болу заң бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

Құқық қорғау органдары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында желідегі мұндай бұзушылықтарға тосқауыл қою жұмыстарын жалғастырады.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.