«Біз ет сатып алмайтынбыз. Өйткені ол – харам болып саналды. Домбыра және ұлттық аспаптардың дыбысын да тыңдауға күйеуім тосқауыл салды. Өйткені ол да – харам. Тіптен үйге қонақ шақырмайтынмын. Балаларымды да үйірмеге апаруға тыйым салды. Ол ғана емес, әжетханаға кіргенің үшін де дұға оқисың. Теледидар көруге, телефон ұстап, әлеуметтік желілерде отыру да харам деп саналды. Үйде аш отырсаң да әйелге жұмысқа шығуға болмайтын. Өйткені – харам. Кейіннен балаларым ауыра бастағанда жанымды қоярға жер таппадым. Сонда ғана намаз оқып, тек сыйынып отыра берудің ешбіреуі көмектеспейтінін түсіндім. Балаларға екпе салуға да тыйым салынған. Бірақ мұсылмандық тұрғыда емдеймін деген өтірік әңгіме екен. Балаларым ауыра бастаған соң күйеуіме білдірмей дәріханаға антибиотикке бардым. Сол кезде сыныптасымды кездестіріп қалдым. Оған басымдағы жағдайды айтып, қиналып жүргеінмді жеткіздім. Кейіннен ол маған Алматыға қашуыма көмектесті», – дейді бұрынғы өмірін қорқынышпен есіне алған әйел.
Содан бері Алматыда бес баласымен пәтер жалдап тұрған әйел қазір бақытты екенін айтады. Кәдімгі әйелдер секілді өмір сүре бастаған. Екі жерде жұмыс істеп жүрген ол балаларын үйірмеге де беріп үлгеріпті. Ал күйеуімен содан кейін еш хабарласпаған. Тіпті оның қайда екенінен хабарсызбын дейді.
“Сотталып кете жаздадым”: “Қойшы бала” қандай қиындыққа тап болғанын ашып айтты
Бүгін, 09:17