«Бір тамшы су тамбасын!» – Нәлібаев тәртіпті Алматы әуежайынан бастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Күйеуге шығайын деп жатыр”: Дариға Бадықова елге қуанышты жаңалығын жеткізді

“Күйеуге шығайын деп жатыр”: Дариға Бадықова елге қуанышты жаңалығын жеткізді
Фото: әлеуметтік желіден

Белгілі продюсер әрі актриса Дариға Бадықова жуырда жаңа фильмнің түсірілімі басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Өнер иесінің айтуынша, Өскеменде құтқарушылар туралы жаңа кино түсіріледі. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Сондай-ақ актриса кино саласына қатысты арманы мен болашақ жоспарларымен бөлісті. Ол кезінде тойларда ән айтып жүрген шағында кино әлемінде сапалы фильмдер түсіруді армандағанын айтты.

"Бірге жүрген жандарға тек алғыс, құдай тілеулерін берсін. Өзіміздің елде өте күрделі фильм түсіреміз. Біреу маған “Күйеуге шығайын деп жатыр” деп жазыпты. Сондай нәрселер жазылып жатыр. Бірақ енді ол болашақтың еншісінде… Сондай бір ауқымды жоба болайын деп тұр”,- деді Дариға Бадықова.

Дариға Бадықова бүгінде сол мақсатына жеткеніне қуанышты екенін жеткізіп, алдағы уақытта Қазақстанда ауқымды әрі күрделі жоба қолға алынатынын атап өтті. Сонымен қатар желіде өзінің жеке өміріне қатысты түрлі болжамдар тарап жатқанын да жасырмады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.